Түркістанда «Хаққа ғашық жүрек» атты 5 сериялы фильм түсірілмек. Бұл туралы Дархан Сатыбалды мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылық құрамының кездесуінде айтылды. Сонымен қатар, жиын барысында бауырлас елдер арасындағы халықаралық білім ордасының дамуына серпін беретін ірі жобалар жайы баяндалды.