Жалпы 2023 жыл еліміздің ауыл шаруашылығы үшін оңай жыл болған жоқ. Сондықтан салада әлі де шешімін күткен проблема көп. Бүгін солардың негізгілерін ортаға салып талқылау үшін облыстық мәслихат мәжіліс өткізді. Жиында мақта және егін шаруашылығы, ағын су мәселелері көтеріліп, микро қаржының берілу жолдары түсіндірілді. Президент тапсырмасына сәйкес, әртараптандыру мақсатындағы монодақылдарды азайту іс-шарасы жалғасып жатқаны айтылды.