Түркістан
EN

Атышулы сериал жасөспірімдерге кері әсер етуде

48
21.10.2021

"Кальмар ойыны" телехикаясы баланың суицид жасауына себепші болуы мүмкін. Психологтар осылай дабыл қағуда. Өйткені телехикаяны бастауыш сынып оқушылары көріп ғана қоймай, ондағы қатігез ойындарды мектепте қайталап жүрген көрінеді. Ал бүгін тіпті Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары әлемді шулатқан оңтүстіккореялық сериалды кәмелетке толмағандар көрмеуі керек екенін айтты. Жандос Тастемірдің репортажында толығырақ.