Түркістан облысына саяхаттап келуші шетелдік туристер саны артқан. Өткен жылы өңірге саяхаттап келген шет елдік туристер саны 14 мыңнан асқан. Басым бөлігі Өзбекстан, Ресей, Түркия мен Қытай елдерінің азаматтары. Түркістан қаласы Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атануына байланысты аталған көрсеткіш бірнеше есе өседі деген болжам бар.