Оңтүстік Корея кейінгі жылдары қазақстандықтардың заңсыз кіріп алып, нәпақа табатын елдердің алдыңғы қатарында тұр. Ресми Сеулдің мәліметінше, мұнда 9 мыңға жуық қазақстандық заңсыз жүр. Бірақ Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны одан да көп дейтіндер бар.