Алматы өңірінде тағы да жер сілкінді. Табиғи апат Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07:14-те тіркелген. Бұл туралы Сейсмикалық зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мамандары мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Оның магнитудасы 4,5 болып сезілді.