Қарнақ ауылында жылына 50 тонна құс етін шығаратын кәсіпорын жұмыс істеуде. Жобаға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 27 млн. теңге қаржы бөлінген. Құс фабрикасы аяққа тұрғанша әзірге Түркістан облысындағы өзге кәсіпорындар көмектесуде. Шаруашылықтың өніміне қазірдің өзінде сұраныс жоғары.