«Мәслихат депутаттарының қызметін саяси SMM арқылы ілгерілету». Түркістанда осындай атаумен семинар-тренинг басталды. Іс-шараға «Amanat» партиясының саяси менеджмент академиясы ұйытқы болып отыр. Тренинг аясында халық қалаулылары қоғамның ақпараттық сұранысын қамтудың ұтымды әдістерін, ақпараттық тұрғыдағы танымалдылықты арттырудың заманауи тәсілдерін меңгермек. Дәрісті еліміздегі масс-медиа саласындағы танымал сарапшылар өткізуде. Іс-шара екі күнге жалғасады.