Түркістан
EN

Жаңа зауыттың капсуласы салынды

256
25.01.2024

Түркістанда жаңа зауыттың капсуласы салынды. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен инвесторлар қатысып, жұртшылықты құттықтады. Жаңа жоба сэндвич панель шығармақ. Инвестициялық құны 1,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде зауыт салынатын жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып та кеткен.