Түркістан
EN

Президент Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты сейсмикалық кеңес өткізді

152
25.01.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Президент Алматының азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шыққанын, ал құзырлы органдар табиғаттың бұл сынағынан өте алмағанын атап өтті. Ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар. Сейсмологиялық станциялар соңғы 5 жылда 45 мыңнан астам дүмпу жағдайын тіркеген. Оның көбі – төмен балдық жер сілкінісі. Бұған дейін Алматыдағы жер сілкінісін ескертуге арналған құрылғыларға қыруар қаржы бөлінген еді. Алайда одан пайда болмады. Осы деректерді саралай келе президент төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын қайта қарау керек деді. Ал министр Сырым Шәріпхановқа жұмысыңыз ауыр болса, қызметіңізді босатыңыз деп ескерту жасады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жиындағы сөзін қорытындылай келе, Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады.