Түркістан
EN

Елімізде екі мыңнан аса адам хабар-ошарсыз кеткен

143
25.01.2024

Елімізде екі мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Олардың басым бөлігі Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарында.  Жалпы еліміз бойынша мамандар 10 178 адамды іздестіруде. Оның 2098-і хабар-ошарсыз кеткен.  Ресми деректерге сәйкес, 1572 адам үйіне қайтып оралмаған. Ал 73-і көліктен түсіп, әрі қарай хабарсыз кеткен. Жұмыстан кейін үйіне қайтпаған 38 адам тіркелген. Мамандар көбіне 30-49 жас аралығындағы ер адамдардың жоғалатынын айтады. Бұдан өзге, 2378 адам тергеу мен соттан жасырынып жүр. Олардың басым бөлігі - ер адамдар. Сондай ақ, 526 адам алаяқтық, 309-ы ұрлық, 143 адам кісі өлтіру дерегімен іздеуде жүр.