Түркістан облысының полицейлері зейнеткерден бір келіден астам көкнәр тәркіледі. Аталған факт "Қарасора-2021" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықталды. Сақшыларға мақтааралдық тұрғынның өзімен есірткі алып жүргені туралы ақпарат түскен. Сосын полицейлер шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кіріскен. Нәтижесінде күдіктінің мінген көлігі анықталып, ол Келес ауданындағы көшелердің бірінде тоқтатылды. "Лада Приора" маркалы көлікті тінту барысында артқы орындықтың астынан қара пакетке салынған есірткіге ұқсас зат табылған.