ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш діни радикалды қолға түсірді. Прокуратура және полиция органдарының қатысуымен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында арнайы операция өткізіліп, терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш ер адамды қамауға алды. Аталған факт бойынша қылмыстық із қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шаралары басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабы, 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.