Түркістан
EN

Тайқазан зияткерлік бағдарламасының жеңімпазы анықталды

97
25.01.2024

"Turkistan" телеарнасындағы «Тайқазан» зияткерлік бағдарламасының кезекті жеңімпазы анықталды. Қырғыз Республикасынан арнайы келген қатысушы Миржан Сыдығалиев білімі мен зеректігімен жеңімпаз атанып, кіші тайқазанды иемденді. Бүгінге дейін бағдарламаның 32 шығарылымы көрерменге жол тартып, түрлі сала мамандары өз білімін сынап көрді. Қырғыз азаматының айтуынша, сұраққа жауап беру кезінде ешқандай тілдік кедергі болмаған.