Отандық ғалымдар онкологияға қарсы дәрі ойлап тапты. Ақжолтай ақпармен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бөлісті. Препаратты белгілі биотехнолог Дос Сарбасов жасаған. Ғалым қатерлі ісік жасушаларының қоректік процесін бұзудың жолын тапты. Ал бұл онкологиялық аурулармен күресудің инновациялық тәсілі дейді министр.