Түркістанда қызылша дертімен ауырған 5 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Алайда олардың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Жалпы жыл басынан бері өңірде 300-ге жуық адам қызылша жұқтырған. Олардың дені 14 жасқа дейінгі балалар және 70 пайызға жуығы вакцина алмаған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.