Түркістан
EN

Үкімет басшысы: Жер сілкінісі болатыны туралы уақытылы хабар берілмеген

63
24.01.2024

Премьер-министр Әлихан Смайылов алматылықтарға жер сілкінісі туралы уақытылы ескерту жасамаған мемлекеттік органдарды сынға алды. Алдын ала дайындалмаған халық әбігерге түсті. Осының кесірінен жарақаттанғандары да бар. Мұндай жағдайда барлық қызмет түрлері бірлесе жедел жұмыс істеуі керек. Сондықтан жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл жаттығуларын жиі өткізіп тұрған абзал. Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай Төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуді тапсырды.