Кеше жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына 5 әуе кемесі қонуы керек болған. Оның ішінде 1 ұшақ қонып үлгерді. Ал 4-еуіне жер сілкінісі туралы хабардар етілген. Сондықтан қонуы тиіс 4 ұшақтың бірі — Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонуға мәжбүр болды. Қалған үшеуі еш қиындықсыз Алматы әуежайына тұрақтады. Сөйтіп сағат түнгі 12:39-дан бастап әуежай қайта штаттық режимде жұмыс істей бастаған. Ал Түркістанға тұрақтаған Эйр Астананың КС-856 рейсі таңғы 03:34-те Алматыға сәтті қонды.