Алматыда бүгін түнде жер сілкінді. Аспашамдар дірілдеп, есік-терезе сықырылап кеткен соң, ел-жұрттың үрейі ұшып, далаға бытырай қашты. Олай ететін жөні бар, себебі жер дүмпуінің магнитудасы 6,7-ні құраған. Бір емес, жер сілкінісі 00:44 кеткенде тағы қайталанған. Жалпы, осы түнді алматылықтар қалай өткізді? Жер сілкінісінің жай-жапсары жайлы тілшіміз тарқатсын.