Алматыда жер сілкініп, халық дүрбелеңге түсті. Табиғаттың тосын мінезін таксистер өз пайдасына жаратып, қып-қызыл пайдаға кенелген. Мәселен Алматы қаласынан Ұзынағаш бағытындағы көліктер 20 мың теңгеден астам қаржы сұратқан көрінеді. Айта кетсек, қос қаланың арасы - 49 шақырым. Шамамен 35 минуттық жер. Ал, қала ішіндегі 2,5 километрге жуық қашықтыққа такси қызметін ұсынатын онлайн платформалар 4 мың теңгеге жуық ақша сұраған. Бұл туралы 2,5 млн оқырманы бар Dauletten инстаграм парақшасында жазылған.