Түркістан
EN

Елде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

114
22.01.2024

Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Яғни наурыз айының 1-інен бастап елдегі барлық сағат тілі бірге соға бастайды. Ол үшін Үкімет уақытты есептеу туралы қаулыға өзгеріс енгізді. Бұл кезге дейін елдің біраз бөлігі 6 уақыт белдеуін қолданып келген. Енді Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік пен Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облысының халқы уақытын бір сағатқа артқа жылжыту керек. Денсаулық сақтау министрлігі бұл қазақстандықтардың денсаулығына тиімді әсер етеді деп есептейді. Осылайша жаңа қазақстанда жаңа уақыт пайда болмақ. Әрі бұл ұлттық жаңа жылымызға тұспа-тұс келіп отыр.