Түркістанда биыл 190 пәтер кілті тапсырылады. Бүгінде тұрғын үй кезегінде 16 982 азамат тұр. Оның 6602-сі әлеуметтік әлсіз топ, 4550-і көпбалалы отбасылар. Сондай ақ, 5607-сі мемлекеттік қызметкер, 220-сы тұл жетім санаты бойынша тіркелген. Бұдан өзге, 3 азаматтың үйі аппатты деп танылған. Жоспарға сәйкес, биыл 2754 пәтер ипотекамен беріледі. Шаһарда бой көтеріп жатқан үйлер саны күн санап артып келеді. Алдағы уақытта Түркістан қаласында 5 қабатты 20 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда.