Түркістан
EN

Іздеуде жүрген үш шетелдік ұсталды

109
19.01.2024

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген 3 шетелдік ұсталды. Олардың бірі - Өзбекстан Республикасының азаматы. Екі жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні тәртіп сақшылары Ордабасы ауданында қолға түсірді. Ол бұған дейін қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. 38 жастағы ер адам 2020 жылы түрмеден қашып, кейін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені белгілі болды. 30 жастағы екінші күдікті де бұрын есірткі сақтаумен айналысқан өзбекстандық ер адам. Ал, үшіншісі  Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.