Қарағанды қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір жасар бала көз жұмды. Сақшылардың айтуынша, жол апатына себепкер «Мерседес» көлігінің жүргізушісі полиция қызметкері екен. Ол жұмысынан үйіне қайтып бара жатып, бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткен. Осының кесірінен «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысып, ондағы 1 жастағы сәби қаза болды. Ал көліктің рөлінде отырған баланың әкесінің миы шайқалған, анасының бас сүйегі, жамбасы, бірнеше қабырғасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды.