Түркістан
EN

Түркістан облысынан табылған жаралы үкі зообаққа тапсырылды

114
19.01.2024

Түркістан облысында орманнан табылған жаралы үкі зообаққа тапсырылды. Оны Сырдария-Түркістан өңірлік паркінің мемлекеттік инспекторы Ғалымжан Байтұрсынов тауып алған. Жаралы құс екенін аңғарған ол бірден парктің ғылыми қызметкеріне хабарласқан. Осылайша олар киелі құсты Шымкент қаласындағы зообаққа тапсырыпты. Егер сауығып кетсе, қайта еркіндікке жібереміз деп отыр.