Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 2 тұрғын жарақат алды. Оқиға Арыс қаласындағы наубайханалардың бірінде болған. Өрт шыққаны туралы хабар түскі уақытта келген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері дереу тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен. Жалын наубайхана аумағындағы 50 литр газ құйылған баллонның жарылуынан шыққан. Қазіргі таңда жарақат алған азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, күйік шалуына байланысты орталық ауруханаға жеткізілген.