Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «сақалды құрылысқа» айналған жобалардың мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. Сондай-ақ инвестициялық жобасын жүзеге асыруға асықпай жүрген кәсіпкерлер енді мемлекеттен алған жерлерін қайтаруға міндетті екенін жеткізді. Аймақ басшысы құрылыс сапасы мен мерзіміне қатысты жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық жобаларды бір үлгіде, ұлттық нақышта безендіруді талап етуді ескертті.