Шымкенттен өрт шықты. Төрт бірдей дүкен мен қойма алау отқа оранды. Төтенше жағдайлар департаментіне хабар түнгі 01:15-те Әйтеке би көшесінің бойындағы құрылыс материалдары дүкенінен түскен. Қызыл жалын 1300 шаршы метрді шарпыды. Ғимараттың жалпы көлемі 2500 шаршы метр. Төтеншеліктердің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Ал өрттің шығу себебі анықталуда.