Түркістан
EN

Түркістандық жекеменшік балабақша иелері шу шығарды

381
20.10.2021

Келесі жылы Қызылорда, Түркістан, Алматы облысында бірқатар жекеменшік балабақша жабылуы мүмкін. Себебі мемлекеттен бөлінетін қаражат мардымсыз. Әр балаға төленетін 25 мың теңге -  қызметкерлердің жалақысы тұрмақ, балаларға оқу құралын сатып алуға да жетпейді дейді олар. Ал өзге өңірлерде мемлекеттік субсидия мөлшері мүлде басқаша. Қаржы министрлігі үш облысты неге бөліп жарды?  - деген балабақша тәрбиешілері мен құрылтайшылары бүгін Түркістан облыс әкімдігінің алдына жиналды. Олардың арыз-шағымын Алтынбек Әмит тыңдап қайтты.