Түркістан
EN

Курьерлердің жаңа айласы әшкереленді

50
17.01.2024

Полицейлер есірткі курьерлерінің тағы бір қитұрқы әдісін әшкереледі. Бұрын зиянды затты ағаш, бұталардың түбіне көмсе, енді босаған кофе стақанына салатын бопты. Бұл туралы Алматы қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады. Сақшылар арнайы іс-шара барысында синтетикалық есірткіні көтерме және бөлшектеп сатушыларды қолға түсірді. Олардан мефедрон синтетикалық психотроптық заты бар 36 бума тәркіленді. Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, есірткіні көп мөлшерде Алматы облысының елді мекендерінен алғанын айтқан. Және оны кофе стақандарына салып, уағдаласқан орындарға қойып кетіп жүрген. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.