Кеден одағының техрегламенті талаптарына сай келмейтін антифриз сатқандарға 1 345 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Яғни, 2 кәсіпкерлік субъекті майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптарды бұзған. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әсет Төребаев мәлімдеді. Айтуынша, өткен жылы талапқа сәйкес келмейтін салқындатқыш сұйықтықты өткізуге қатысты 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.