Арыс қаласында орналасқан екі жылыту қазандығы табиғи газға ауыстырылып жатыр. Жауаптылардың айтуынша, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Ал, әзірге қос орталықтың бірі көмірмен, екіншісі сұйытылған отынмен жұмыс істеп тұр. Ол қаладағы бюджеттік мекемелерден бөлек, 25-ке жуық көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтып отыр. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймаққа арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.