Түркістан облысында жалпы сомасы 30,2 миллиард теңге болатын 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған. Құрылыс саласы айтарлықтай жанданып, 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгін мемлекет басшысының қабылдауында болған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осылай деп есеп берді. Оның мәліметі бойынша өзге бағыттарда да ілгерілеушілік бар.