Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді. Ондағы мақсат өңірдегі ғалымдармен кездесу және оларға қолдау көрсету. Алдымен академияның Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья университет ректоры Жанар Темірбековамен кездесті. Басқосуда өңірдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, екі тарап ғылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.