Түркістан
EN

Жылу мен энергетика саласына бақылау күшеймек

56
16.01.2024

Энергетика саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жаңа нысандар салынбақ. Себебі соңғы жылдары бұл салада төтенше жағдайлар жиіледі. Былтыр бірнеше қалада апат болып, тұрғындар жылусыз қалған кездер болды. Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2030 жылға қарай елімізде электр қуаты тапшы болуы мүмкін екенін айтты. Бұл жағдайды болдырмау үшін қазіргі стансалар жөнделмек. Сол арқылы қосымша 5,6 гигават қуат алуға болады. Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда және Шымкент қалаларында газ стансаларын салу жоспарланып отыр.