Түркістан
EN

 Түркістан облысында үшем дүниеге келді 

58
16.01.2024

Төлеби ауданында үшем дүниеге келді. Көксәйек ауылының 40 жастағы тұрғыны Гаухар Бегалиева екі қыз, бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы - 1875, 1735, 2040 грамм. Облыстық перинаталдық орталықтан Нұрмаханбетовтер отбасы шаңырақтарына зор қуанышпен оралды. Ауданның атқамінер азаматтары сәбилерге арба мен қажетті гигиеналық заттарды сыйға тартты. Бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы осылайша бір-ақ күнде көпбалалы отбасына айналып шыға келді.