Түркияның көпке танымал Билькент Симфониялық оркесті жаңа маусымдағы концертін Түркі әлемінің өнерпаздарымен бірге бастады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жоба аясында Жоржа Бизенің «Кармэн» операсы сахналанды. Бұл мәдени шараны Түркі мәдениеті халықаралық үйымын бауырлас елдердің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отыр. Әзербайжандық шеф Эльшад Багиров дирижерлік еткен концертке «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты жерлесіміз Расул Жармағамбетов те қатысты. Маусымның ашылуына 3 мыңға жуық көрермен қатысқан.