Елімізде жеңілдетілген ипотекалық несие беру бойынша жастар бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады. Жобаға 35 жасқа дейінгі әлеуметтік сала, БАҚ, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, квазимемлекеттік сектор, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері қатыса алады. Әр аймақтағы кәсіптер тізбесін бағдарлама басталар алдында әкімдік жинақтайды. Несие бойынша сыйақы мөлшері - жылдық 5% - дан бастап,ал мерзімі -19 жылға дейін созылмақ.