Түркістан облысында алғаш рет телевизиялық нұсқада жаңа жоба басталды. Сайыс «Қысқы дода» деп аталады. "Turkistan" телеарнасында басталған жобаның негізгі мақсаты өңірдегі туризм мен қысқы спорт түрлерін дамыту. Алғашқы түсірілім Сауран ауданы Абай ауылында өтті.