Түркістан
EN

Жыл басталғалы жолда қалған 400-ден астам адам құтқарылды

55
15.01.2024

Полицейлер екі аптаның ішінде 400-ден астам адамды құтқарды. Аязды күнде де, ақ түтек боранда да жолға шығу өте қауіпті. Бірақ қауіпке қарамай, талапқа бағынбай сапарға аттанатын азаматтар бар. Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, 14 мыңнан астам көлікке автожолдарда полицейлердің ілесіп жүруі қамтамасыз етілді. Ал қар құрсауынан 109 автокөлік шығарылған. Жабық трассада қалған 412 адам құтқарылды. Олардың ішіндегі 53-і бала. Полицейлер барлығын жылыту пунктеріне орналастырған.