Түркістан облысы аумағында 300 құрылыс нысанында 472 заң бұзылып, хаттама толтырылды. Сондай-ақ, оларға 104 млн теңге айыппұл салынды. Оның 117-і мемлекеттік болса, 183-і - жеке нысан. Бұл туралы облыстық Бақылау жөніндегі басқарма басшысы Айдос Исмаилов өңір басшысының төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді. Оның бүгінгі күнге 85,64 млн. теңге қаржысы өндіріліп, облыстық бюджетке қайтарылды. Жалпы салынған айыппұл мөлшері 2022 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұзғаны үшін лицензия мен аккредитацияларды тоқтату үшін 27 мердігер мекемеге, 1 сарапшы ұйымға, 9 техникалық қадағалаушы эксперттің аттестаттары 6 айға тоқтатылып, айыппұл салынған.