Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Дания Королі X Фредерикті құттықтады

85
15.01.2024

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дания Королі X Фредерикті құттықтап жеделхат жолдады. «Сіздің басшылығыңызбен Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін – деп жазылған жеделхатта. Айта кетсем, Данияның ең ұзақ билік еткен патшайымы Маргрете II жексенбі күні тақты өзінің тұңғыш ұлы Фредерик X-ға тапсырды. Тарихи мұрагерлікке куә болу үшін Копенгаген орталығына 100 мыңдай адам жиналды.