Қазақстаннан Кореяға жұмысқа кетушілер саны жыл сайын артып келеді. Сыртқы істер министрлігінің өткен жылғы ақпаратына сүйенсек бұл елде 10 мыңға жуық отандасымыз заңсыз жұмыс істеп жүр. Олардың дені жастар. Отандастарымыз таңғы шық еліне нәпақа іздеп кетуге неге мәжбүр болды? Тілші тарқатады.