Пәтерлі боламын деп, сан соғып қалды. Құрбысына сеніп, 3 млн теңге берген келіншек соңында үй түгілі, ақшасынан да қағылды. Арада біршама уақыт өткен соң ақша алған дос қызы бөтен үйдің кілтін табыстаған. Үйлі болдым деп қуанған келіншектің қуанышы көпке ұзамады. Баспанасына үйдің қожайыны келіп, пәтер ақысын сұраған. Жалдамалы пәтерді тұрғанын түсінген тұрғын, полиция қызметкерлеріне шағымданыпты. Алаяқтық бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Арнайы топтың арқасында құрықталған Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты.