Түркістан
EN

Тайқазан жасайтын қолөнер шебері

170
12.01.2024

Түркістан десе, Қожа Ахмет Ясауи мен Тайқазан қоса аталады. Келген қонақтар да тәбәрік ретінде осы екеуі бейнеленген кәдесый алуға құмар. Түркістанда Тайқазан мен кесене жасауға жарты ғасырлық ғұмырын арнаған бір шебер тұрады. Оның қолынан шыққан дүниелер тіпті Еуропа асып, сонау Париж бен Лондон көрмелеріне қойылған. Сондықтан 2000 жылы Түркістанға Америка елінен миллионыншы турист келгенде оған осы кісі жасаған кәдесыйды сыйға тартса керек. Тақырыпты тілшіміз Шынар Әділханқызы жалғайды.