Түркістанда түлкілер не істеп жүр? Шаһардың жаңа қала маңынан тұрғындар түлкі мен қарсақ кездестірген. Қоқыс маңын жағалап жүрген жануарларды тұрғындар видеоға түсіріп алған. "Байғұс аңдар ашыққан соң келген ғой", - дейді ел-жұрттың бір бөлігі. Тағы бір болжам - бұрын ашық дала болған бұл жер олардың байырғы мекені болуы мүмкін дегенге саяды. Яғни, биік үйлер мен заманауи ғимараттар мұнда кейінгі бес жылда ғана салынған. Яғни, көк түріктің мекенінде көк түлкінің кезіп жүру сыры осында.