Түркістан облысында тұрғындардың атынан несие рәсімдеп, 21 миллион теңгені жымқырған банк менеджері ұсталды. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті бір топ азамат арызданып, аттарына өзге біреудің несие рәсімдегенін мәлімдеген. Анықталғандай, 31 жастағы күдікті банкте жұмыс істеп жүрген кезінде азаматтардың құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеген. Осылайша, 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Қазір күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.