Түркістан
EN

Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

91
12.01.2024

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл. Ширек ғасыр мемлекет тізгінін ұстап, елдің дамуына орасан зор үлес қосқан азаматтың құрметіне дәл қазір Түркістан қаласында «Қонаев – ғасыр адамы» атты мәдени танымдық шара өтуде. Онда әріптесім Нұрдәулет Сыздық та жүр.