Түркістан облысындағы Сауран ауданы ең көп карьерлер орналасқан аумақтардың бірі. Бүгінде онда 18-ге жуық карьер бар. Алайда олардың жартысынан көбі салық төлеуден жалтарып жүр екен. Бұл туралы аудан әкімі жер қойнауын пайдаланатын кәсіпкерлермен кездесуінде айтты. Онда тағы қандай мәселелер көтерілді? Тілші айтып берсін.