Биыл Түркістан облысында 186 мыңға жуық бастауыш сынып оқушысы ыстық тамақпен қамтылады. Оған бюджеттен 19,4 млрд теңге бөлінген. Аз қаражат емес. Ал сапасы соған сай ма? Біздің тілшілер облыс орталығынан тысқары жатқан Шорнақ ауылындағы мектептердің біріндегі асхананың жайын көріп қайтқан еді. Толығырақ сюжеттен көріңіздер.